"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНА ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ КЕЛДІ

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Б. А. Құдайбергенов келді.

Кездесу барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А. Т. Кабашев АЭА қызметімен және одан әрі даму жоспарларымен таныстырды.

Кездесуге ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті кәсіпкерлік қызметті қаржылық емес қолдау басқармасының басшысы Исаева М.С. қатысты.

Сондай – ақ, делегация АЭА қатысушыларының нысандарын аралады: "WestEcoPlast" ЖШС жұмсақ қаптама ыдыстарын – биг-бэг өндіретін зауыт, "EVEREST TECHNO" ЖШС сорғы штангалары мен муфталарын өндіру зауыты және премиум класты газ герметикалық бұрандалы қосындысы бар құбырларды шығаратын зауыт – "Kazakhstan Pipe Threaders" ЖШС (Tenaris).

"Ақтау Теңіз Порты" АЭА баспасөз қызметі 

Желілерде бөлісу:

  • 90